20 Сәу 2023
Страницы "Мамыт негізгі білім беру мектебі" КММ

Кемшіліктерді жою

Аттестатциядан өту кезінде жіберілген кемшіліктерді жою жұмыстарының  құжаттары

Кемшіліктерді жою жоспары

Кемшіліктерді жою туралы анықтама

Ақтөбе облысының білім саласында

Сапаны қамтамасыз ету департаментінің

басшысы Г.Сарсенгалиеваға

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Әйтеке би ауданының білім бөлімі» ММ

«Мамыт негізгі орта білім беретін мектебі» КММ

директоры  Л.Б.Балмакановадан 

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік  мекемесінің  «Мамыт негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің аттестаттау нәтижелерінің қорытындысы бойынша

кемшіліктер мен ескертулерді жою жұмыстары туралы анықтама.

Мамыт негізгі орта білім мектебі бойынша мемлекеттік аттестаттау кезінде жіберілген кемшіліктер мен ескертулерді жою мерзімі 24 сәуір 2023 жыл деп белгіленді. 

Белгіленген мерзімге дейін төмендегі кемшіліктер мен ескертулер жойылды.

  1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

 стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу ағарту министрінің 2022жылғы 3 тамыздағы

№348 бұйрығы 3 - қосымша 3-тарау,42 - тармағына сәйкес және

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі

 №130 бұйрығының 3 - қосымшасы 1 - тармақтарының талабына сәйкес:

Мектептің 2018-2019,2019-2020, 2020-2021,2021-2022 оқу жылдарындағы  инвариантты

компоненттен   таңдалған вариативті компоненттің таңдау бойынша пәндеріне

“сыналды”/“сыналмады” белгісі қойылды. Кемшілік жіберген мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп,түсініктеме алынды.

Жіберілген кемшілік кезектен тыс педагогикалық кеңесте қаралып,түсіндіру жұмыстары

жүргізілді. (Түсініктеме көшірмелері және хаттама қоса жалғанды) №1 папкада

Кемшіліктер жойылды.

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 3-қосымша 3-тарау,59-тармағы және 4-қосымша 4-тарау,53-қосымшасына сәйкес:

2021-2022 оқу жылында кейбір пәндер бойынша (математика,дүниежүзі тарихы,физика) бөлімдерге сай бағалау жүйелі  жүргізілуде. жүргізу туралы кезектен тыс педагогикалық кеңесте қаралып, мұғалімдерге,оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдердіоқып аяқтағаннан кейін,бөлімдерге сай БЖБ алынуын қатаң қадағалануы керектігіне  ескерту жасалды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жіберілген кемшілік кезектен тыс педагоггикалық кеңесте қаралып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. (Хаттама көшірмесі қоса жалғанды) №2 папкада.  Кемшілік жойылды.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы»талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 жылғы №182 бұйрығымен өзгерістер болған) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша 2-тарау 5-тармақ 7)8) тармақшаларының талабына сәйкес:

Шағын орталық тобының креативтілікті, коммуникативтілікті,сыни ойлауды және командада  өзара іс-қимыл жасау іскерлігін дамытуға бағытталған әлеуметтік - тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруді жүзеге асыру бойынша ,2018-2019 оқу жылының  екінші кіші тобының  перспективалық жоспар мен циклограммалар ұсынылды және шағын орталық тобының 2018-2019,2019-2020 оқу жылдарының өтпелі тақырыптары ұсынылды.    (көшірмелері қоса жалғанды)№3 папкада. Ескерту орындалды.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша, 2-тарауының 5-тармағы, 7),8)-тармақшаларының талабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығының 1-қосымшасының 1- тарауының 4 тармағы, 7,8 тармақшалары талаптарына сәйкес:

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлермен 

жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыс жоспары және анықтамалары ұсынылды.

(көшірмелері қоса жалғанды)№4 папкада. Ескерту орындалды.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» № 604 бұйрығына  1-қосымшасының  4-тарау  17-тармағы талабына сәйкес:

Тәрбиеленушілердің игерген қабілеті мен дағдыларының қорытынды нәтижесін пайызбен көрсетіліп ұсынылды,ескерту орындалды. (бастапқы мониторинг, аралық мониторинг, қорытынды мониторинг көшірмелері қоса жалғанды) №5 папкада.

  1. 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 1-қосымшасы 5-тарау 22-тармағы талабына сәйкес:

Балаларды қабылдау бойынша,балалардың қозғалыс кітабы жүргізілгендігі туралы тәрбиеленушілерді қабылдау және есептен шығару туралы  бұйрықтарының көшірме материалдары ұсынылды, (көшірме қоса жалғанады) №6 папкада.Кемшілік жойылды.

  1. Мектепте сапалы білім қызметтерін ұсыну мақсатында қазіргі таңда Талдысай ЖОББ мектебінен  және Т.Жүргенов атындағы ЖОББ  мектебінен физика, химия,биология кбинеттері  алынып ,қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Құжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері берілді. (көшірме қоса жалғанады) №7 папкада. Кемшілік жойылды.
  2. 8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022жылғы 3-тамыздағы №348   бұйрығының 2-қосымшасы 32-38 тармақтарына,3-қосымшасының 46-56 тармақтары талабына сәйкес:

Оқу пәндері бойынша сабақтардың бейнематериалдарын сабақ барысы бойынша  әзірлеу  талабының 2022жылғы  5 желтоқсандағы №486  бұйрығының  негізінде: Бейне сабақ түсіру талабының алынуына   байланысты,бейне сабақ  түсірілмеді.

Мектеп директоры :Л.Б. Балмаканова


Атауы Жүктеу
1 Папка №1 RAR
2 Папка №2 RAR
3 Папка №3 RAR
4 Папка №4 RAR
5 Папка №5 RAR
6 Папка №6 RAR
7 Папка №7 RAR

 

 

Жаңалыктар