13 Желт 2021
Страницы "Мамыт негізгі білім беру мектебі" КММ

Мектеп формасы

Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына және ҚР Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 №26 бұйрығына сәйкес, білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Орта білім беру ұйымының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
 
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде(қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка).Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
 
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде(қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
 
Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздарүшін ақ түсті блузкадан құралады. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттықшалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен(кроссовка, кеды) тұрады.
Жаңалыктар